Ольга Рыпакова Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы атанды

448

0

Ольга Рыпакова Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы атанды Азиадада қазақстандық жеңілатлетке тең келер ешкім болмады.

Қазақстандық жеңілатлет, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Азия ойындарының алтын жүлдесіне қол жеткізді.

Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Рыпаковаға жеңіске жету үшін небәрі бір ғана мүмкіндік жеткілікті еді. Ол екінші мүмкіндігінде 14 метрден асқан болатын.

Қарсыластарының барлығы бұл межеге жетпеген соң оған тағы да секірудің қажеті болмаған да еді.

Алайда барлық мүмкіндігін пайдаланып, 14.26 метрге секірген Ольга Рыпакова өзінің нәтижесін жақсартты және Азиаданың алтын медалін жеңіп алды.

Күміс жүлдені 13.93 нәтижесін көрсеткен Таиланд және Вьетнам спортшылары өзара бөлісті.

Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы Ольга Рыпакова жеңісін барша Қазақстан халқына арнайтынын мәлімдеді.

Барлығы сәтті аяқталғанына қуаныштымын. Алтын медаль иелендім. Бұл медалім саған арналады, Қазақстан! Барлық отандасымды бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Бізге қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысым шексіз. Өз жерімізден жырақта жүрген біздерге, спортшыларға бұл – үлкен қолдау. Атлеттер үшін әрқашан демеу керек. Біз оны қайда жүрсек те сезінеміз. Ал жарысқа келер болсақ, мен өз кезегімді көп күттім. Мұнда ертерек келіп алдық. Әдетте жеңіл атлетика бағдарламасының бас жағында сынға түсетін едім. Бұл жолы ең соңына қалдырыпты. Соның салдарынан біраз қобалжыдым. Осы маусымда тағы басқа жарыстарға қатыссам деген ойым бар

, – деді Қазақстанның мақтанышы.

baribar.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<