Олимиада жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа су жаңа көлік тарту етілді

6

0

Фото - Caravan.kz

Елдос Сметов бастаған қазақстандық дзюдошылар елге оралды. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында қола медаль алған Ғұсман Қырғызбаевқа әуежайдан шыға салысымен жаңа көлік тарту етілді.

«Алматы қаласының Дзюдо Федерациясының президенті Хамхоев Али Хамитович және ҚР Дзюдо Федерациясының вице-президенті Зайдинов Ержан жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа су жаңа көлік мінгізді», – делінген Дзюдо федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<