Жыл басынан бері Жоғарғы Сот Бас Прокурордың наразылығы негізінде 11 сот актісін қайта қарап, мемлекет пайдасына 2,6 млрд. теңге өндірілді, деп хабарлайды http://prokuror.gov.kz/.
Бұл мемлекеттік сатып алу, салық және т.б. дауларға қатысты.
Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласының соттары салық органы хабарламасының күшін заңсыз жойып, «OLIMPKZ» букмекерлік кеңсесі» ЖШС-ін 1,8 млрд. теңгеге ойын бизнесіне салық төлеуден босатқан.
Букмекерлік кеңсе ойыншылардан интернет ұтыстар қабылдайды. Ойыншы ұтылса, ол «Олимптің» кірісі және түскен қаражаттан ойын бизнесіне салық төленуі тиіс. Алайда, букмекерлік салықты төлемеген. Нәтижесінде мемлекетке 1,8 млрд. теңге мөлшерінде залал келтірді.
Бұл орайда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры наразылық енгізді.
Жоғарғы Сот наразылықтың уәждерімен келісіп, 2018 жылдың 27 наурызында жергілікті соттардың сот актілерінің күшін жойды және «Олимптің» өтінішін қанағаттандырмады.
Сол күні букмекерлік кеңсе 1,8 млрд. теңге салық төледі.
Сонымен қатар, Жоғарғы Сот Бас Прокурордың басқа да істер бойынша наразылығы негізінде 800 млн. теңге қосымша салық салуды заңды деп таныды. Өйткені салық төлеушілер тауарды белгілі бір тұлғалардан алғанын дәлелдей алмады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<