Олимпиада чемпионы Елдос Сметов өз таңдауын жасады

309

0

Фото: Оралхан Дәуіт

Париж Олимпиадасының жеңімпазы Елдос Сметов Тараз қаласындағы №82 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Өз таңдауын жасаған спортшы Елдос Сметов науқан туралы пікірімен бөлісті.

– Барлығы Қазақстанның болашағы үшін дауыс беруде. Осы орайда отандастарымды референдумнан тыс қалмауға шақырамын. Мен де қарапайым қазақтың бірімін. Сондықтан өз таңдауымды жасадым. Әр қазақтың баласы елдің болашағына бей-жай қарамай, таңдауын жасауы керек деп ойлаймын, – деді танымал дзюдошы. 

Айта кетейік, Жамбыл облысында референдумға қатысуға тиіс жалпы сайлаушы саны – 716 680.

Облыстық референдум комиссиясының мәліметіне сәйкес, өңірде 508 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ референдумға аккредиттелген республикалық 13 қоғамдық бірлестік және жергілікті 4 қоғамдық бірлестіктен байқаушылар қатысуда.

Бұдан бөлек, тіркеуде жоқ азаматтарды референдум учаскелерінің мекенжайларына тіркеу сервисі Тараз қаласының – 5 учаскесінде (№9, 28, 82, 496, 505) жұмыс істеп жатыр. Аталған учаскелер жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған.

Еске салсақ, бұған дейін Елдос Сметовтің Олимпиададағы жеңісінен кейін әлемдік рейтингіде жоғарылағанын жазған едік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<