Олимпиада: Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды

604

0

Фото: olympic.kz

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиадада бокстан Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) жарыс жолын аяқтады.

Қазақстандық боксшы алғашқы жекпе-жегінде испаниялық Аюб Гадфа Дриссимен кездесті.

Қарсыласы да осал боксшы емес. 2023 жылы әлем чемпионатында қола алса, Еуропа чемпионатында биыл жеңімпаз атанған. Сондай-ақ, екі жыл бұрын күміс алған еді.

Алғашқы раундта екі боксшы тепе-тең деңгейде ойын көрсетті. Нәтижесінде үш төреші Қамшыбектің жеңгеніне қолдау білдірді. Екінші раундта испаниялық боксшының басымдығы байқалды.

Шешуші раундта Қамшыбектің белсенділігі көрініп тұрды. Төрешілер шешімімен жеңіс испаниялық боксшыға берілді. Қамшыбек осылайша жарыс жолын ертерек аяқтады.

Қамшыбек Қоңқабаев 1991 жылы 18 қараша күні Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазірге дейін Токио Олимпиадасының қола жүлдегер болса, әлем чемпионатында 2017, 2019 жылдарда екі мәрте күміс медаль иегері атанды. Сондай-ақ 2022 жылы Жазғы Азия ойындарының екінші орын алса, Азия чемпионатындатөрт мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Қазірге дейін Париж Олимпиадасында 63,5 келі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Тайбэйден келген Лай Чу Енді жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Ол бұдан бұрын испаниялық Ойер Ибареччені жарыс жолынан тайдырған еді.

Ал ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 келі) иорданиялық Зейяд Ишаишке ссе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<