Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің өткізілу барысымен танысты.
Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицей базасында өтіп жатқан білім бәйгесінің облыстық кезеңі жаратылыстану-математика, қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы 13 пән бойынша ұйымдастырылуда. Оған облыс бойынша 426 оқушы қатысып, бақ сынауда.
Басқарма басшысы жаратылыстану-математика бағытында өткізілген бүгінгі сынақ жұмысымен танысып, оқушыларға сәттілік тіледі.
Олимпиаданың өткізілуі мен адалдықты қамтамасыз ету, бақылау мақсатында «Ақмешіт – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкері, ата-аналар комитетінің өкілдері шақырылды. Айта кетейін, өткен жылы олимпиаданың облыстық кезеңіне 386 оқушы қатысып, 181 оқушы жүлделі орынға ие болған болатын. Биыл да осы көрсеткішіміз жоғары болады деген сенімдемін. Оқушыларға сәттілік тілеймін, – деді Мейрамбек Зинабдинұлы.
Айта кетейік, білім бәсекесі 13-18 ақпан күндері аралығында өтеді. Олимпиаданың өткізілу барысы тікелей эфир арқылы YouTube желісінен қадағаланып, «1 оқушы – 1 компьютер – 1 камера» қағидасы бойынша «Ел үміті» платформасы арқылы жүргізілуде.
Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<