Қолөнер шеберлерінің көрмесі өтеді

620

0

Сіздерге Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып жатқан қолөнер шеберлерінің «Қобыз үні» атты облыстық көрмесі болатынын хабарлаймыз.

Көрмеде ағаштан, шыныдан жасалған қобыз аспабының ерекше үлгілері, басқа қолөнер бұйымдары жұртшылық назарына ұсынылады. Сонымен қатар, көрме барысында қобызға арналған күй сайысы және Наурыз мейрамының жоралғыларының бірі «Қауышу» мерекесінен көрініс көрсетіледі.

Шара ертең 14 наурыз күні сағат 10.00-12.00 Ғ.Мұратбаев к/сі  2 Е « Халыққа қызмет көрсету орталығында» өтеді.

Осыған орай өз  тарапыңыздан қолдау көрсетіп, керемет қазақы нақыштағы көрменің  қадірлі  қонағы  болуға  шақырамыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<