Фото: ашық дереккөз
Алматыда «Қазақстан халық конгресі» жалпыұлттық қозғалысының съезі өтті. Ел аймақтарынан келген бастамашыл топтың мүшелері бағдарламалық құжаттар мен дамудың негізгі бағыттарын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Съезге еліміздің әр өңірінен барлығы 1 500-ге жуық делегат келді. Партия бағдарламасында экономика, экология, денсаулық мәселесі, сапалы білім беру бағыттары қамтылған. Олжас Сүлейменов бастаған белсенділер бар тәжірибе мен күш-қуатты азаматтық қоғамды біріктіруге бағыттайтындарын жеткізді.
Олжас Сүлейменов бірауыздан партия төрағасы болып сайланды. Партия Жарғысының жобасы да бірауыздан мақұлданды.
Еске салайық, былтыр мамыр айында Олжас Сүлейменов «Қазақстан халық конгресі» партиясы қайта құрылатыны туралы айтқан болатын.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<