Оңтүстік аймақтарда су тапшылығы қатты сезіледі – Экология министрлігі

368

0

Суармалы егіншілікті сумен қамтуда тапшылық бар. Құзырлы ведомство аталған мәселені қалай шешіп жатыр? Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы жылдары суармалы егіншілігі дамыған еліміздің оңтүстік аймақтарында су тапшылығы қатты сезіліп отыр. Биылғы вегетациялық кезеңнің тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін, өткен жылдың желтоқсанынан бастап дайындық жұмыстары басталды. 2022-2023 жылдардың вегетацияаралық және вегетациялық кезеңдеріндегі жұмыс жоспары бекітілді. Оның шеңберінде қазір бірқатар іс-шара іске асырылып жатыр», – деді Сейілбек Нұрымбетов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, елімізде су үнемдеу технологиялары енгізіліп жатыр.

«Алдымен, фермерлерді суармалы сумен және жоғарғы ағыста орналасқан су қоймаларынан қосымша су жіберуді қамтамасыз ету бойынша іргелес мемлекеттермен жұмыс жасалып жатыр. Екіншіден, гидротехникалық құрылыстардағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Үшіншіден, суару жүйесінің магистралдық және шаруашылықаралық каналдары тазаланып жатыр», – дейді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<