ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ТЫҢДАДЫ

206

0

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын Сырдария ауданының активі онлайн режимде тыңдады.

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында ұйымдастырылған жиналысқа аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлері, ардагерлер, Қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйым төрағалары, жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Алдағы уақытта Елбасы Жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру мақсатында аудан бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіледі деп жоспарлануда.

Елдегі дамуға серпін беретін Елбасы Жолдауын сырдариялықтар әлеуметтік-экономикалық өркендеудің басым бағыттарын қамтыған маңызды құжат деп санайды.

Ақтөре Ибрагимұлы,
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<