Оқушы, студенттермен өткен прокурор сағаты

821

0

Сурет: Қызылорда қалалық прокуратура

Қызылорда қалалық прокуратура тарапынан облыстық орталықта орналасқан барлық орта, орта арнаулы, жоғары оқу орындарында прокурор сағаты өткізілді.

Кездесу барысында прокурорлармен синтетикалық есірткі заттары  мен оларға байланысты туындайтын қиындықтар, салдары мен  жауапкершілік, ағзаға тигізетін кері әсері мәселелері көтерілді.

Қатысушылар назарына есірткі қылмыстарына байланысты қарастырылған жазалау мерзімдері, баулу әдістері, түрлері, таралу жолдары мен «кепілгер» болып есірткі қойып кетуші жұмыс жасауға тарту әдістері туралы бейнеролик ұсынылды.

Прокуратура қызметкерлері жастар мен жасөспірімдерді  өз өмірлеріне балта шаппай дұрыс жолмен жүруді, уақытылы есірткіге «жоқ» деп айтуды, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытты тиімді өткізуге шақырып, қажет болған жағдайларда «Сенім» телефондарына хабарласуға болатынын ескертті.

Кездесулер соңында қатысушылар сұрақтар қойып, жауаптарын алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<