Санкт-Петербургетегі Красносельский ауданында дәрігерлер сыныптасының әзілінен кейін жансақтау бөліміне түскен үшінші сынып оқушысын аман алып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Фонтанка” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бала медициналық мекемеге 3 қыркүйек күні жеткізілді. Жедел жәрдем оны сабақ үстінен алып кеткен. Дәрігерлер науқасқа тік ішектің перфорациясы (тесілуі) және перитонит деген диагноз қойды. 11 жастағы баланың жағдайын ауыр. Ол жансақтау бөлімінде жатыр.
Полицияның мәліметінше, сабақ кезінде сағат 11:00 шамасында зардап шеккен бала сыныптасының қойып қойған қарындашының үстіне отырып қалған. Аталған жағдай бойынша тергеу комитеті тексеріс жүргізіп жатыр.






