Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен Абай атындағы ДБА мектеп базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде жүлдегер атанған оқушылар марапатталды. Марапаттау кешіне Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Жаннат Мылтықбайқызы қатысып, ұстаздар мен оқушыларға лебізін жеткізді.
– Сіздерге артылар жүктің жауапкершілігін сезініп, алға қарай қадам басуда аймақ сенімін ақтайды деп ойлаймын. Алдағы кезеңдерде сәттілік тілей отыра, оқудағы бастамаларыңыз оңынан болып, алар асуларыңыз мол болсын! Дарынды жас елдің болашағы, баға жетпес қазынасы. Болашақта егеменді еліміздің тарихын арқалап, болашағын айқындайтын дарынды жастар мына сіздер. Сіздердің қаламыздың абыройын асқақтатып, қаламызға қосқан үлестеріңізбен мақтанамыз! – деді Жаннат Мылтықбайқызы.
Айта кетейік, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне 9-11 сынып арасында 790 оқушы І,ІІ,ІІІ орындармен марапатталды.
І орын алған жеңімпаз оқушылардың жетекшілері құрмет грамотасымен марапатталды. Жүлдегер оқушыларды құттықтаймыз!!!
Қызылорда қаласының білім бөлімі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<