Қыз балаға балаға Медина есімін берді, деп хабарлайды BNews.kz.
Әйгерім Ушанова күйеуі Азаматбек Ырысбек екеуі 12 жыл бұрын үйленді. 2008 жыл отбасында Жасмин есімді тұңғышы өмірге келді. Бір жылдан соң Тоғжанды өмірге әкелді. 2011 жылы үш баланың ата-анасы атанып, ұлды болды. 2012 жылы Жібекжан, 2013 жылы Мирас есімді ұлы, екі жылдан соң Диас дүниеге келді.
«Мен бақытты әкемін. Төрт балам мектепке барады. Екеуі балабақшаға барады. Өзім ІІД-де қызмет етем. Баспана жалдап тұрамыз. Мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алдық. Балаларға жәрдемақы аламыз. Жалақым жақсы. Жақсы өмір сүрудеміз», – дейді Азаматбек.
Жетінші бала ота арқылы өмірге келді.
«Анасы мен қызының жағдайы жақсы. Қазір үйіне шығарылды. Олар дәрігерлердің бақылауында», – дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сакпусунова.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<