Оралда салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді

463

0

Оралда салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді. Ерекше салмағымен елді елең еткізген шақалақтың бойы – 63 сантиметр деп хабарлады turkystan.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Дәрігерлер анасы мен ұлының денсаулығы жақсы екенін айтты. Бұл нәресте – отбасындағы үшінші перзент. Бір қызығы, ерлі-зайыптылардың тұңғышының салмағы 4 келіден асса, ортаншы баласы 5 келіге жуықтапты. Ал үшінші ұлдың салмағы бәрінен асып түсті. Алайда, дәрігерлер мұндай артық салмақтың денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін дейді. Сондықтан сәбиді үйге шығарылғаннан кейін, бақылауға алмақ.

«Әйел айы-күні жетіп, өзі босанды. Сәбиі екеуінің жағдайы қалыпты. Негізі қалыпты норма 3-4 келі ғана. Сондықтан денсаулығын педиатр бақылап отырады. Негізі баланың артық салмақпен өмірге келуіне, экологиялық қолайсыздық, екіншіден, анасының тамақтану тәртібінің бұзылуы себеп», – дейді Орал қалалық көпбейінді ауруханасының дәрігері Тимур Мұхамедияров.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<