Оралда судья жұмыс орнында қайтыс болды

863

0

Оралда қалалық соттың судьясы жұмыс орнында қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz «Мой ГОРОД» сайтына сілтеме жасап.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 10 наурыз күні таңертең болған. Қоңырау сағат 9:48-де түскен.

«1968 жылы туған ер адам жұмыс орнында нашарлаған. Жедел жәрдем шақырған адамның айтуынша, ол есінен танып құлаған», – делінген хабарламада.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті ақпаратты растады.

«Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<