«Ақпарат және коммуникация департаментінің басшысы болып Данияр Әлжановты тағайындадым» , – деп жазды қорғаныс министрі.
Нұрлан Ермекбаев департаменттің жаңа басшылығына ақпараттық жұмысты іске асыру мен БАҚ өкілдерімен эффективті қарым-қатынас орнату жолдарына байланысты бірқатар тапсырма бергенін жеткізді.
Бұған дейін бұл қызметте болған Серік Бұрамбаев басқа жұмысқа ауысты.
«Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсініктеме жұмыстарына елеулі үлес қосқаны мен журналистер және жастармен байланыс орнатқаны үшін Бұрамбаев С.Ж-ға алғыс білдірдім» , – деп жазды Ермекбаев.





