Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды

6

0

Фото: ҰОК

Әлем чемпионы Оразбек Асылқұлов Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол 60 келіде филиппиндік Пол Джуливферге қарсы қолғап түйістірді.

Тартысқа толы айқаста жерлесіміз қарсыласынан бір бас жоғары өнер көрсетті. Нәтижесінде төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Оразбек Асылқұловқа берді.

Оразбек Асылқұлов келесі кезеңде жапондық Шунсуке Китамотасен өзара мықтыны анықтайды.

Бұған дейін әйелдер сапынан ел намысын қорғаған 51 келіде Жазина Орақбаева, 54 келіде Элина Базарова және 60 келіде Римма Волосенко жарыс жолынан шығып қалған еді.

Айта кетейік, Оразбек Асылқұлов 2025 жылғы әлем чемпионы.