Орман тұқымбақтарының жұмысымен танысты

177

0

Фото: облыс әкімдігі

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутататы Қарақат Абден, облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай Қазалы ауданына жұмыс сапарымен барып, ондағы тұрақты орман тұқымбақтарымен және Арал теңізінің құрғаған табанында атқарылған жұмыстармен танысты.

Мемлекет басшысының Жолдауында ел аумағына 2 миллиард түп ағаш отырғызу тапсырылғаны белгілі. Осы тап­сырмаға сәйкес, облыста 2021-2027 жылдарға ар­налған орман өсіру көлемін ұл­ғайтудың кешенді жоспары бекітілді.

Өңірде 903 мың гектар алқаптың то­пырағын зерт­теу және жобалау жұ­­мыстары жүргізілді. 2021-2024 жыл­дары Арал теңі­зінің құр­ға­ған таба­нындағы 659,1 мың гектарға ек­пелер егілді.

Биыл 440,9 мың гектар аумаққа сексеуіл көшеттері мен галофит тұқымдарын егу жос­парланған. Егілетін көшет жеткілікті болу үшін уақытша тұқымбақтар ұйым­дастырылған.

Сонымен қатар, Қазалы ау­данында Дү­ние­жүзілік банк қар­жысы есебінен 33,5 гектар аумаққа тұқымбақ салынды. Жобаның құны 440,7 млн теңге, техникалар сатып алуға қосымша 179 млн теңге бөлінді.

Тұқымбаққа сексеуіл көшеті, жапы­рақты ағаш, жеміс тұқымы егілді, жеміс бақшасы және үйеңкі талының аналық бөлімі құрылды. Сондай-ақ қорғаныш жасыл жолақ, минералданған жолақ және компосттау жұмыстары атқарылды.

Тұқымбақ құрылысы аяқталып, облыс балансына берілді, қазір онда 47 адам еңбек етеді.

«СБ» ақпарат