ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ӨТТІ

558

0

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ӨТТІ 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және Қазақстандағы экологтар күніне орай бүгін Арал ауданында сенбілік шарасы ұйымдастырылып, қоршаған ортаны тазарту шарасына аудан жұртшылығы жаппай белсенділік танытты.  

Соның ішінде, аудан орталығында өткен сенбілік қарқынды ұйымдастырылды. Аталған шараға Арал қаласындағы барлық білім беру ұйымдары, яғни, мектептер, колледждер мен балабақша  ұжымдары, дербес бөлімдер мен мемлекеттік мекемелерден 600-ге жуық қызметкерлер ерекше атсалысты. Сенбілік барысында 3 жүк тиегіш және 3 жүк тасығыш көліктері жұмылдырылып, жалпы 42,3 тонна күл-қоқыстар арнайы орындарға шығарылды. Аудан орталығында өткен сенбілік қаланың ішкі беті мен сыртын толықтай қамтыды.
Бұл игілікті шара ауданға қарасты кент, ауылдық округтерде де жаппай ұйымдастырылған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<