Орталық Азия мен Кавказ елдерінің уәкілетті өкілі болып сайланды

302

0

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ атынан Орталық Азия және Кавказ елдерінің уәкілетті өкілі болып бірауыздан Мухамеджанов Адиль Бектасович  сайланды.
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ 2018 жылы 30 мамырдан бастап 1 маусым аралығында Вашингтонда (АҚШ) өткен тұрғын үйлерді қаржыландыру бойынша «Үлгіні  бұзу – қолжетімді тұрғын үйді қаржыландыру үшін жаңа идеялар» атты 8-ші халықаралық конференциясына қатысты.
Бүкіләлемдік банк бастамасымен өткен конференцияға 20-дан астам елдің мамандары қатысты. Конференцияның негізгі тақырыбы – халықтың қалың жігін қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және ипотекалық несиелендірудің инновациялық тәсілдерін қолданубойынша өзекті мәселелерді қарау болды.
Конференциядағы панельдік талқылаулар қорытындысы бойынша Жапония, Корея, Қазақстан, Үндістан, Әзірбайжан, Малайзия, Кения, Ямайка, Моңғолия, Алжир, Қырғызстан, Танзания, Нигерия және де басқа елдердің мамандары Қайталама ипотека нарығы операторларының халықаралық қауымдастығы мекемесі туралы шешім қабылдады. Қауымдастықты құрудың мақсаты – тұрғын үйді қаржыландырудың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін тәжірибе алмасу және бірлесіп шешімдер табу.


«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ
баспасөз-қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<