«Алдымызда қыруар міндет тұр», – деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ОКҚ жаңа басшысы Руслан Алишевті таныстыра отырып. Сондай-ақ, министр Анастасия Щегурцованың «Қазконтент» АҚ басшысының орынбасары лауазымына тағайындалғанын жеткізді. Алишев Руслан Қанатханұлы 1978 жылғы 29 шілдеде дүниеге келген. Петропавл экономика және құқық колледжін (1997), М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2001), А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін (2006) бітірген. 2004-2009 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы «Петропавл қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-де түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2010 жылдан 2013 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасында бас маман, басқарма басшысының орынбасары және басқарма бастығы болған. 2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болды. 2013 – 2014 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және архивтер комитетінің Электронды БАҚ басқармасын басқарды.
2014 жылдан 2016 жылға дейін «Нұр Отанның» Саяси жұмыстар департаментінің директоры. 2016 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<