Ортақ мүдде

5

0

Фото: Автордан

Елдің болашағына қа­тысты маңызды ше­шім­дерде әр азамат­тың да­уысы естілуі тиіс деп есеп­­теймін. Дауыс беру арқылы мен тек өз пікірімді білдіріп қа­на қоймай, елі­міздің дамуына бей­жай қарамайтынымды көр­сет­тім. Әрбір кәсіпкер қоғам­дағы өз­герістерге белсенді қаты­сып, ел­дің эко­номи­калық әрі әлеу­меттік дамуына үлес қосуы керек деп ойлаймын. Сондықтан мұндай ма­ңызды сәттерде шет қалмай, азаматтық позиция таныту – бар­ша­мыздың ортақ міндетіміз.

Сол күні таңертең жолдасым екеуміз №352 референдум учас­кесіне барып, таңда­уымызды жа­садық. Біз көбіне өзгерісті кү­теміз, жақсы өмірді қалаймыз, бірақ сол өз­герістерге үлесімізді қосу әрдайым өз қолымызда екенін ұмытып жатамыз. Елі­міздің тұ­рақты дамуы, әділ қоғам қалып­тас­тыру, заң үстемдігі мен ха­лық­тың әл-ау­қатын арттыру – бар­шамызға ортақ мақ­сат. Осындай мақсаттарға жету жолын­да әрбір азаматтың пікірі маңызды рөл атқа­рады. Сон­дықтан маңыз­ды нау­қан­дарда бел­сен­ділік таныту біздің азаматтық сана­мыздың көрсеткіші деп ойлаймын.

Меніңше, бүгінгі таңда әр адам «менің дауысым ештеңені өзгертпейді» деген ойдан арылу керек. Ке­рісінше, әрбір дауыс – өз­герістің бір бөлшегі. Бірігіп қабылданған шешімдер ға­на ел­дің болашағын ай­қын­­дайды. Сол себепті мен өз таңдауымды са­налы түрде жасап, болашақ ұр­пақ алдында жауапкершілікті се­зіндім.

Барша қазақстандықтарды осындай ма­ңызды сәттерде бел­сенді болуға, өз таңдауын жасауға шақырамын. Себебі біздің бүгінгі қадамымыз – ертеңгі елдің кел­беті.

Дина МАХАТОВА,

«АС-КА» тігін фабрикасының директоры