Министрдің айтуынша, еліміздің еңбек нарығындағы жағдай қалыпты.
“Осы жылдың наурызында жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде сақталды. Еңбекақының өсуі байқалды. Ерекше атап өтетіндей, ағымдағы жылғы наурызда орташа айлық еңбекақы нақты көріністе 2,4% өсіп, 153,2 мың теңгені құрады”, – деді ол.
Тимур Сүлейменовтың айтуынша, есептік кезеңде ЖІӨ өсуі 4,1 пайызды құраған. Ол 2017 жылы 3,6% болған еді. Министр оны өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, көрсетілетін қызметтер саласының өсуімен, инвестициялардың жоғарғы өсімі мен төмен инфляциялық процестермен байланыстырды.
Дереккөз: INFORM.KZ
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<