«Қорқыт құрамасы» – чемпион

1701

0

Елордада «Көңілді тапқырлар алаңы» жобасының ақтық кезеңі өтті. Шешуші жарыста КТА Кубогі үшін Қызылорда қаласының «Қорқыт құрамасы», Атырау облысының «Жерұйық», Түркістан облысының «Мақтарал», Орал қаласының «КазИТУ», Нұр-Сұлтан қаласының «Аграрка» командалары бақтарын сынады.
Ойын қорытындысына сәйкес, бас жүлде – кубок пен бір миллион теңгені жерлестеріміз «Қорқыт құрамасы» олжалады. Екінші орынды Түркістан облысының «Мақтарал» командасы жеңіп алды. Ал үшінші орынды Орал қаласының «КазИТУ» командасы лайық деп танылды. Сонымен қатар «Мақтарал» құрамасының капитаны Хамит Ердахан «Жылдың үздік ойыншысы»атанды. 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<