Отандық ғалымдардың мақалалары беделді журналға жарияланды

289

0

«Space and Culture, India» атты рецензияланатын Халықаралық журналдың наурыз айындағы нөміріне әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Т.Ғабитов, аталмыш университеттің докторанты Ж.Әбікенов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценттері О. Бермаханов пен А.Әбдіраманова және «Болашақ» университетінің профессоры М.Насимовтың «Мәдени кешеннің символдық әлемінің семиотикалық талдауы» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.

Мақалада байырғы түркі халқының мәдени-рухани ой санасы мен дүниетанымын айқындайтын Қорқыт Ата кешенінің рәміздік мән-мағынасын семиотикалық талдау негізінде қарастырылады. Қорқыт Ата кешені семиотикалық талдау тұрғысында алғашқы рет қазақ мәдениеті контекстінде қарастырылып отыр. Мәдени ескерткіштерді семиотикалық зерттеу әдістемесін негіз ретінде қолданып, одан этномәдени қисында далалық зерттеу жүргізіліп,  рәміздік мәдени мән-мағынаны ашуға талпыныс жасалды. Сонымен қатар, аталған мақсатты шешу жолында кешеннің әлеуметтік-мәдени табиғаты мен философиялық мәнін ашу арқылы рөлін анықтау, рәміздік тұрғыда әдістемелік негіздерге сүйене отырып, кешендегі  дүниетанымдық рәміздік элементтерге талдау жасау, Қорқыт Атаның ежелгі түркі өркениетінің қалыптасуындағы алатын орны мен кешеннің  мәдени-рәміздік маңызын пайымдау, кешеннің рухани-мәдени, дүниетанымдық бастауларындағы рәміздік ерекшелігін айқындау және оған жалпы кешендік тұрғыда семиотикалық талдау жасалды.

 Жалпы «Space and Culture, India» журналы төрт айда бір рет гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша ғылыми еңбектерді жариялайды және осы саладағы беделді басылым саналады. Скопус базасындағы 2017 жылғы SiteScore көрсеткіші 0.47-ге тең.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<