«Отбасы – бала тәрбиесіндегі алғашқы мектеп» семинар-тренингі

546

0

«Отбасы – бала тәрбиесіндегі алғашқы мектеп» семинар-тренингі ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде биылғы «Ислам және отбасы» жылы аясында «Отбасы – бала тәрбиесіндегі алғашқы мектеп» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
 «Қазақ халқының ислам дінімен ұштасқан, тамаша қалыптасқан отбасылық тәрбиенің озық үлгісі ғасырлар сынынан өткен, ұлағат пен өнеге сіңген зор тағылымдардың құндылығының жиынтығы деуге болады. Тәрбие бастауы отбасыдан басталады. Отбасы тәрбиесінің тамаша үлгісінен ұлағатты ұрпақ өсіп шығады. Егер, отбасында ынтымақ болса, қоғамда да бірлік пен тыныштық салтанат құрады», – деп, Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы Отан отбасыдан басталатынына ерекше тоқталып, сахаба аналарымыздың өмірінен өнегелі насихат айтты.
Семинарда арнайы шақыртылған коуч-тренер У.Мустафаева, облыстағы «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі М.Темірбекқызы мен қажы апалар қатысушы әйел жамағатқа аталмыш тақырып аясында ғибратқа толы өнегелі оқиғалар, уағыз-насихаттар айтып, ақыл-кеңестерін беріп, сұрақтарына жауап берді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі

«Отбасы – бала тәрбиесіндегі алғашқы мектеп» семинар-тренингі 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<