Отбасы – тәрбие бесігі, ана – отбасы жүрегі!

881

0

Замана көшінде әйелдер қауымы қоғам мен мемлекет ісіне тікелей ықпал етіп келеді. Яғни әйел азаматтар тек отбасы төңірегінда ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметте, бизнесте, денсаулық сақтау мен білім-ағарту жүйесінде жемісті жұмыстар атқаруда. Ал шын мәнінде отбасындағы әйелдің рөлі қандай?

Әйел — шаңырақтың шырақшысы, береке мен бірліктің ұйытқысы. Қазір отбасы, бала тәрбиесімен қатар, қоғамдық қызметке белсене араласып, әр салада өзін дәлелдеп жүрген әйелдер көп. Әйел-аналарды жан-жақты қолдау, бастамаларына мүмкіндік беру, насихаттау мақсатында бүгін «Жастар ресурстық орталығы» мен қаладағы танымал блогер аналардың қолдауымен «Insta Ana — 2023» байқауы өткізілді.

Үйде отырса да өзін тұрақты дамытып, ерінен тәуелсіз болуы үшін қаржылық еркіндік жолында ұдайы даму мен шығармашылықты ұштастырған бірқатар жас блогер-аналар сайыстың көркін қыздырды. Таныстыру, өз өнері, сұрақ жауап және аспаздық өнер сынға түскен сайыста аналар өнерлерін ортаға салып, көрермен мен әділ-қазылардың ыстық ықыласына бөленді.

Байқау қорытындысымен, ең жоғары нәтижеге қол жеткізіп, үздік деп танылған жас блогер-ана А.Абсаттар I орынға ие болса, байқаудың II орыны А.Мырзатоваға бұйырды. Ал А.Батухан үздік үштікті қорытындылап, III орынға ие болды. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар табысталса, барша қатысушылар арнайы ынталандару сыйлықтарына ие болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<