Қалалық білім бөліміне қарасты №5 «Шаттық» МКҚК мектепке дейінгі ұйымында ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде, балалардың қауіпсіздігін жазғы уақытта әр түрлі іс-шараларға балалардың қатысуын ұйымдастыру кезінде қамтамасыз ету бойынша толық шаралар қабылдау, балалардың ойын алаңдарын пайдалану, суға шомылу кезінде сақтық шараларын сақтау бойынша түсіндірме жазба жұмыстарын жүргізулер талқыланды. Шара барысында балабақша меңгерушісі Г. Сапабекова сөз сөйледі.
Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек,-деді.
Күн сайын еліміздің қалаларында, ауылдарында автокөліктер саны өскен сайын жол апаттары да арта түсуде. Жол көлік оқиғалары жөніндегі деректерге зер салсақ, қалалық жерлерде жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын оқыс оқиғалар саны едәуір көп. Сонымен қатар жазғы демалыс кезінде балардың өмір қауіпсіздігін тілсіз жау өрттен суға түсіу т.б жағдаятардан мұқият болу керек. Салауатты өмір салтын сақтай отырып «Дені саудың- жаны сау» демекші бала денсаулығы мен олардың қауіпсіздігіне баса назар аударғанымыз абзал.
Қызылорда қаласы білім бөлімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<