«Парасатты отбасы» байқауы

525

0

Қаладағы Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернатында «Парасатты отбасы» байқауының облыстық кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды. Маңызды сайысты өткізуге облыстық білім басқармасы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті мұрындық болды.

«Парасатты отбасы» бейнеролик байқауы «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесі аясында ұйымдастырылды. Қатысушылар отбасы құндылығы мен ұлттық дәстүрімізді, бала тәрбиесіндегі ерекшелігімізді, бауырмалдық, қарапайымдылық секілді ізгі қасиеттерді бір бейнесюжетке сыйдыра білді. Сондықтан да, қазылар алқасына шын мықтыны анықтау қиынға соқты.

Айта кету керек, бұған дейін бейнероликтер байқауының аудандық, қалалық кезеңдері өткізіліп, үздік танылғандар  облыстық кезеңге жіберілген болатын. Байқау шарты бойынша қатысушылардың балалары қоғамдық шараларға белсене қатысатын, спорт немесе өнермен шұғылданатын, көптеген әдеби-публицистикалық әдебиеттерден хабардар болуы тиіс. Аталған талаптарға сай  деп танылғандардың ішінен Арал ауданы №14 орта мектептің атынан қатысқан Б.Жандәулетовтер отбасы, қазалылық Жарылқасыновтар мен жаңақорғандық Салыбековтер отбасы табылды. 

М.СНАДИНҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<