Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 8-сынып оқушылары мен ата-аналарын біріктірген отбасылық жарыс өткізілді.
Қатысушылар доппен жүгіру, теннис ракеткасында шарды алып жүру, кедергілерден өту, арқан тарту секілді бірнеше кезеңде бақ сынасты. Барлық командалар жақсы дайындықпен келіп, бір-біріне қолдау көрсете отырып жоғары тапқырлықтарын байқатты.
Шара салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсті. Ойын соңында командалар жарқын сәттер мен эмоцияларға толы ерекше күн сыйлаған ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<