«Отбасылық құндылықтар: ұрпақтар сабақтастығын нығайтудағы әйелдің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

6

0

ҚХП Қызылорда облыстық филиалы Әйелдер қанаты қоғамдағы отбасы институтының маңызын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында «Отбасылық құндылықтар: ұрпақтар сабақтастығын нығайтудағы әйелдің рөлі» тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараға әр сала өкілдері қатысып, өз тәжірибелерімен және ой-пікірлерімен бөлісті. Атап айтқанда, жас аналар, құқық қорғау органдарының өкілдері, Ана үйі қоғамдық қорының мамандары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйым мүшелері белсенділік танытты.

Кездесу барысында қатысушылар отбасының қоғамдағы орны, әйелдің отбасы мен ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі, ұлттық тәрбие мен дәстүрдің сабақтастығы жөнінде маңызды ойлар айтты. Сонымен қатар, қазіргі заманда отбасылық құндылықтарды сақтаудың өзекті мәселелері қозғалып, оны нығайту жолдары талқыланды.

Әрбір қатысушы өз тәжірибесіне сүйене отырып, отбасы – адам өмірінің негізі, ал әйел – сол отбасының ұйытқысы екенін ерекше атап өтті.

Осындай тағылымды кездесулер қоғамда рухани құндылықтарды нығайтып, берік отбасы құруға, ұрпақ тәрбиесіне оң ықпал ететіні сөзсіз.

Әйел-ана – өмірдің бастауы, отбасының жүрегі. Оның мейірімі мен тәрбиесі арқылы ұрпақ қалыптасып, қоғам дамиды. Ана – тек бала өсіруші емес, ол – болашақтың негізін қалаушы.

Сондықтан әйел-анаға құрмет көрсету, оның еңбегін бағалау және жан-жақты қолдау – әрбіріміздің басты міндетіміз. Себебі әйелдің мейірімі мен тәрбиесі арқылы ұрпақ қалыптасып, қоғамның болашағы айқындалады.

Ана – тек отбасының ұйытқысы ғана емес, ол – ізгілік пен адамгершіліктің бастауы. Сол себепті анаға деген құрмет пен қамқорлық әрдайым жоғары болып, оның қоғамдағы рөлі лайықты деңгейде бағалануы тиіс.