Республикалық референдумға Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі №58 дауыс беру учаскесінде тұрғындар белсенді қатысуда.
Аталған учаскеге Бағланова көшесінің тұрғындары Тайман Нұрлан мен Базарбаева Мөлдір отбасымен бірге келіп, өз таңдауларын жасап, дауыс берді.
Отбасы мүшелері маңызды саяси науқанға бірге қатысып, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті.





