«Отырарды қорғау» мультфильмі көрерменге жол тартты

318

0

Оңтүстік Қазақстан облысында «Отырарды қорғау» анимациялық фильмі көрерменге жол тартты. Туынды Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көріп отыр.

Фильмде аты аңызға айналған көне Отырар қаласының тұрмыс-тіршілігі мен мәдениеті елін сүйетін екі баланың бастан кешкен хикаялары арқылы суреттеледі. Көрермен әлемдегі екінші кітапхана атанған Отырар кітапханасы мен Әбу Насыр әл-Фараби туралы толық мағлұматтарға қанығады. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерді насихаттауға әрі патриотизмге баулуға бағытталған фильм «2D, 3D» форматында жасалып отыр. Алдағы уақытта осы секілді 10 сериалы «Төле би» туындысы, «Түркістан», «Оқсыз оқиғасы», «Ордабасы – бірліктің туы» атты анимациялық фильмдерін түсіру жоспарланған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<