Оқуға түсіремін ауылдасын алдаған әйел ұсталды

185

0

  Өткен жылы Жалағаш ауданының тұрғыны 45 жастағы азаматша алаяқтық жолмен бөтен мүлікті сенімге кіріп, жымқыру мақсатында ауылдасының қызын медициналық колледжге грант бөліміне оқуға түсіріп беремін деп 130 мың теңге ақшасын алдап алған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Тергеу барысында күдікті қатарында азаматша өзінің  жасаған қылмыстық әрекетін толығымен мойындаған.

Сонымен қатар, тергеу барысында тергеушінің кәсіби біліктілігінің арқасында күдіктінің қылмыстық іс-әрекеті арнайы сот сараптама қорытындыларымен толығымен дәлелденді.

Бұдан бөлек, тергеу барысында күдікті азаматшаның бұл  қылмыстан бөлек тағы алаяқтық қылмыс жасағаны анықталды.

Күдікті азаматшаның жасаған алаяқтық іс-әрекеті толығымен өз дәлелін тауып, аталған іс айыптау актісімен сотқа жолданып, сот процесінде ол өз кінәсін толығымен мойындады. Жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық өндіріп берді.

Сөйтіп, 2019 жылы қаңтар айында сот үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сәйкес, жәбірленушілермен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды.  

 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<