Оқырман арасындағы интеллектуалды сайыс

284

0

20 желтоқсанда Айнакөл ауылындағы №175 негізгі мектепте мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен «Кітап – рухани қазына» атты 5-7 сыныптарда үздік оқырмандар арасында интеллектуалдық сайыс болып өтті.
Сайыс өткізудің мақсаты: оқушыларды көркем әдебиетке құштарлығын арттыру, кітапхана қызметінің маңыздылығын арттыру.Рухани тәлім-тәрбие беру.
Сайыс төрт бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде сайыскерлер тез, нақты сұрақтарға жауап беріп, ой-ұшқырлықтарын көрсетті.Үшінші бөлімде оқушылар жаңылтпаш қайталаудан жарысып, есте сақтау қабілеттерінің  мықтылығын  дәлелдеді. Сергіту мақсатында жүргізілген  «Bingo» ойыны, тіпті, қызықты өтті. Оқушылар қазақ жазушыларының шығармалары мен авторларын сәйкестендіріп, ұтыс  сыйлықтарын жеңіп алды. Соңғы бөлімде сайыскерлер өз өнерлерін ортаға салды. Домбырамен ән салды. Қазақ ақындарының  жатқа, нақышына келтіріп оқыды. Сайыс нәтижесінде сайыскерлер арасынан оза шауып, бас жүлдені жеңіп алған 5-сынып оқушысы Әділхан Айсәуле болды.
Президентіміздің Н.Ә.Назарбаевтың жолдауына көз жібертсек: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін мәселелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», – делінген. Расында да бәсеке қабілеттіліктің басты мақсаты – білім, ал білімнің кәусар бұлағы кітапекені белгілі. Еліміздің болашағы жастардың ғылым, білім жолындағы құлшынысына жолдама беретін кітапхананың маңызы зор.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<