Озбыр күйеуінен қашқан әйел үйіне қайтып оралды

328

0

Озбыр күйеуінен қашқан әйел үйіне қайтып оралдыАқтөбеге озбыр күйеуінен қашқан Ақгүл Баялованы анасы алып кетті. Шілденің 11 күні анасы қолхат жазып, қызын отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған «Малика» дағдарыс орталығынан алып кеткен, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 
Анасының айтуынша, Ақгүлдің 7 жасар баласымен Ақтөбеге кетіп қалғанын туыстары Tengrinews.kz сайтынан көріп қалғанын айтқан. Осыған дейін Ақгүл өзін жетім екенін мәлімдеген, сөйтсе әйелдің туыстары бар екені анықталды. «Ол маған ештеңе айтқан жоқ. Төретамға бұрынғы күйеуіне барған, ол баласын көрігісі келетінін айтыпты. Аралда күйеуі қайтадан қызымды ұра бастапты. Ақгүл қашқан жағдайда, оны іздеп тауып, өлтіруге уәде берген. Ақгүлге біреу Ақтөбеде дағдарыс орталғы бар екенін айтыпты. Бірақ, Ақгүл психиатр дәрігерінің тізімінде тіркелген. Ол қорқып, қашып кетуді жөн көріп, маған жүрегім әлсіз болғандықтан айтуға қорыққан болар сірә», – деді Ақгүл Баялованың анасы.
Күлжахан Алматаеваның Ақгүлге жақсы адамдар көмектесіп, қолдағаны үшін алғысы шексіз. «Қызымның жолында жақсы адамдар кездескеніне ризамын. Егер оған пиғылы жаман адамдар кездесіп, дәрі енгізіп құлдыққа алып кетсе не бетімді көресетер едім. Өмір болған соң, барлығы болады. Қазір Ақгүл кішкене болсын тынышталды. Мен оған қорықпауын, ешкімге тиіскізбейтінімді айттым. Көмек қолын созған барлық адамға алғысымды айтамын. Ақгүлде екі ағасы, өзінің тұрғын үйі бар. Өзім мұғаліммін, немеремді бағамын. Оған жарамсыздығымен жұмыс орнын табу оңай емес, бірақ біз бірдеңесін ойлап табармыз», – дейді Күлжахан Алматаева.
Бүгін Ақгүл мен оның баласы Дархан үйіне қайта оралады. Отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған «Малика» дағдарыс орталығы Ақгүл өзінің туыстары бар екенін мүлдем айтпағанын мәлімдеді. «Ақгүлмен психолог жұмыс істеді, бірақ ол тек кеше анасы бар екенін айтты. Негізі әйелдер қалыптасып, ашылу үшін бірнеше күнді қажет етеді. Күні кеше Ақгүлдің анасы келді. Өте тартымды әйел. Ол маған бәрін түсіндіріп, құжаттарын алып келді. Ақгүл анасымен сөйлесті. Ұлы әжесін көргеніне риза болып қалды. Олар кетіп қалды», –  деді дағдарыс орталығының директоры Динара Карабалина.
Осыған дейін 35 жастағы әйел тек экс-күйеуінен емес, оның әпкелерінен де зәбір көргенін айтқан. Ажырасқаннан кейін де жағдай өзгере қоймаған. Екінші топтағы мүгедек Ақгүл Баялова Ақтөбеге билет алып, ақыры қашып құтылған.  Оған қоса, Ақгүл Баялованың жеке құжаттары жоғалып кеткен. Тек баласының туу туралы куәлігі бар екенін айтқан. Ақгүл Баялова мен жеті жасар баласына Ақтөбедегі отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған «Малика» дағдарыс орталығы көмек қолын созған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<