Алдын ала мәлімет бойынша, Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында нөсер жаңбыр 11 адамның өмірін қиып, 18 адамның жарақат алуына себеп болды, деп хабарлайды Anadolu Ajansı.
Dawn газетінің хабарлауынша, провинцияны жайлаған жаңбыр елді мекендерде су тасқынына және жолдардың жабылуына әкелді.
Құтқару қызметтері нөсер жауын мен онымен бірге жүретін дауылдан 11 адам қаза тауып, 18 адам жарақат алғанын растады.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, бірнеше аймақта ағаштар құлап, инфрақұрылым зақымдалған. Толассыз жауған жаңбыр көшкінге әкеліп, көптеген ірі жолдар жабылды. Сват ауданында жаңбырдан бұлақтар мен өзендер арнасынан асып, су тасқынына әкелді, ал Мингора қаласында су деңгейінің көтерілуі алаңдаушылық тудырып отыр.
Құтқару қызметтері нөсер жаңбыр мен онымен бірге жүретін дауыл салдарынан 11 адам қаза тауып, 18 адам жарақат алғанын растады.
Бұдан басқа, қалың қар мен қар көшкінінен Калам мен Маходанда көлі арасындағы жол жабылып, жүздеген көлік жолда қалды.
Метеорологиялық қызметтер провинцияда жаңбыр жаууы жалғасатынын, ал биік таулы аудандарда қар жауатынын ескертті.
Осыған дейін Ауғанстандағы су тасқыны, көшкін және нөсер жауын салдарынан 17 адам қаза тауып, 26 адам жарақат алғанын хабарладық.






