Пәтер терезесінен биыл 9 бүлдіршін құлап кеткен

503

0

Қызылорда облысында биылғы жыл басынан көпқабатты тұрғын үй терезелерінен 9 бүлдіршін құлап, әртүрлі жарақат алды. Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы Нұрбол Исанов мәлім етті.

«Ата-аналардан балаларды ересек адамдардың қадағалауынсыз қалдырмауды сұраймыз. Жыл басынан бері көпқабатты тұрғын үй терезелерінен 9 бүлдіршін құлап кетті. Олар әртүрлі жарақат алды. Біреуі балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде ем алуда. Осыған орай тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмау, терезе алдына шығармау, басқа да қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз», – деді Н. Исанов.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада ескексіз қайықпен көл ортасында қалып қойған 3 адам құтқарылғанын жазған болатынбыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<