Пара пауэрлифтинг: Жерлесіміз Бойко Снежанна әлем чемпионы атанды

142

0

Фото: Сыр спорты

Сыр спортында тағы бір қуаныш! Мысыр елінің Каир қаласынан ақжолтай жаңалық жетті. 9–18 қазан аралығында Каир қаласында пара пауэрлифтингтен жасөспірім, жастар мен ересектер арасында Әлем чемпионаты өтуде.

Тартысқа толы дүбірлі додада еліміздің соның ішінде аймағымыздың намысын абыроймен қорғаған жерлесіміз Бойко Снежанна үздік нәтиже көрсетіп, Әлем чемпионы атанды.

Жас спортшымыз әлемдік аренада 41 кг салмақ дәрежесінде 74 кг зілтемірді бағындырды.

Бұл нәтижемен Снежана жасөспірімдер арасында Азия және Әлем рекордын жаңартып, тарихи жетістікке қол жеткізді.

Спортшымызды чемпион атануымен шын жүректен құттықтаймыз!

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы