Париж-2024: Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев елге оралды

290

0

Фото: ашық дереккөздерден

Дзюдодан Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаев елге оралды, деп хабарлайды Qandastar.kz. Париж Олимпиадасының қос жүлдегерінен кейін Алматы әуежайына ұлттық құраманың басқа мүшелері де келді. Олардың ішінде дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Сүлейменов Нұрбол және Әбиба Әбужақынова сияқты спортшылар бар.

Париж олимпиадасында Елдос Сметов – дзюдодан олимпиадада алтын медаль алған алғашқы қазақ спортшысы. Ал Ғұсман Қырғызбаев 66 келіде қола медаль алды.

Елдос Сметовты күтіп алу салтанатына қазақ эстрадасының әншілері, айтыскер ақындар және Олимпиада жүлдегерінің алғашқы жаттықтырушысы да келді. Шәкіртінің жетістігіне шаттанған жаттықтырушы қуаныштан көзіне жас алды.

Париж-2024: Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев елге оралды

Ал 66 келі салмақта өнер көрсеткен спортшымыз Ғұсман Қырғызбаев үздік үштікті түйіндеді. 66 килоға дейінгі салмақта бақ сынаған отандасымыз қола медаль үшін өткен белдесуде серб спортшысы Страхиня Бунчичтен айласын асырды. Айта кетейік, Дзюдо федерациясы Олимпиада жүлдегеріне көлік мінгізді. Парижден елге ұшып келген спортшы, су жаңа темір тұлпарымен үйіне қайтты.

Париж-2024: Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев елге оралды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<