Париж-2024: Нұрбек Оралбай финалға жолдама алды

23

0

Фото: Владислав Семенов/ ҰОК

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Нұрбек Оралбай жартылай финалда қарсыласын жеңіп, финалға шықты.

80 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз жартылай финалда Доминикан Республикасының былғары қолғап шебері Кристиан Хавьер Пиналеспен жұдырықтасып, қарсыласынан басым түсті.

Осылайша Нұрбек Оралбай финалдық кезеңге өтті. Ол – әзірге финалға шыққан жалғыз қазақстандық боксшы.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрбек ширек финалда әзербайжандық боксшы Мурад Аллахбердиевті жеңген еді. 

Сондай-ақ отандасымыз осыған дейін аустралиялық Каллум Петерсті жарыс жолынан тайдырып, ширек финалға өткен болатын. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<