Париж-2024: Қазақстан құрамасы турнирлік кестеде нешінші орында тұр

8

0

Фото: Сали Сабиров / ҰОК

Париж Олимпиадасында еліміз қола медальден кейін медальдар кестесінде бесінші орынға көтерілді. Бүгін қазақстандық Ислам Сәтпаев пен Александра Ле пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында үздік үштіктен көрінді. 

Әзірге әлем бойынша небәрі 5 мемлекет жүлдеге қол жеткізді. Көш басында 2 алтын медаль алған Қытай көш бастаса, екінші және үшінші орында тұрған АҚШ пен Оңтүстік Корея 1 күміс еншіледі. Ал, Ұлыбритания мен Қазақстан құрамаларының еншісінде бір-бір қоладан бар. 

Айта кетейік, дзюдодан Елдос Сметов енді жартылай финалда испаниялық Франциско Гарригоспен белдеседі. 

Еске салсақ, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<