Париж ауруханаларында виртуалды табиғат көріністері қолданыла бастады

282

0

Париж ауруханаларында виртуалды табиғат көріністері қолданыла бастады Париж ауруханаларының бірінде емдеу әдісі ретінде жапон бағы немесе қар басқан тау бейнеленген виртуалды көріністер қолданыла бастады. Дәрігерлердің айтуынша, бұл бір жағынан гипнозға ұқсайды. Ол науқастың ауырсынуын азайтып, қорқынышын басуға көмектеседі. Мысалы, емделуші жарасын таңу немесе шығып кеткен сүйегін салу сияқты әрекетті еш ауырсынбай жасатады. Ал мұндай тәжірибені алғаш болып, америкалық дәрігерлер қолданған екен, – деп хабарлайды 24Хабар.
Оливье Ганансия, Әулие Йозеф ауруханасының қабылдау бөлімі директоры:
 – Бұл емделушілерге өте пайдалы. Оның науқасқа кері әсері жоқ. Осыдан 10 жыл бұрын кей емдеу орталықтары гипнозды қолдана бастаған еді. Қазір ол кеңінен таралып отыр. Сондықтан жаңа емдеу түрі де біраз уақыт өткен соң күнделікті қолданатын әдіске айналатын шығар деп ойлаймын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<