Париж Олимпиадасы: Қазақстан дзюдо рейтингінде 2-орында тұр

331

0

Фото: Олимпиада сайты

29 шілде күнгі кешкі уақыттағы мәлімет бойынша, Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан дзюдодан медальдар кестесінде екінші орында тұр. Бұл туралы Олимпиада ойындарының ресми сайтында жазылған.

Дзюдо отаны – Жапония рейтингтің көш басында тұр. Еншісінде екі алтын, бір қола медаль бар. Ал бір алтын, бір қола медаль алған Қазақстан екінші орында.

Үздік үштікті Өзбекстан түйіндеген. Еншісінде бір алтын медаль бар. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Елдос Сметов Қазақстан спортшыларынан бірінші болып Париж Олимпиадасының алтынын жеңіп алды.

Одан кейін Ғұсман Қырғызбаев қола медаль үшін белдесуде сербиялық татами шеберінен айласын асырып, ел қоржынына Олимпиаданың үшінші жүлдесін сыйлады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<