Парламент Мәжілісінің депутаттары Аралда болды

763

0

Фото: Арал ауданы әкімдігі

Кеше ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов пен Мұрат Ергешбаев Арал ауданында болып, Сыр аймағындағы бірқатар жобалармен танысты. Елдің жайылымдық және су шаруашылығы жайын бағамдап, ауданның туристік әлеуетіне қанықты. Аралға табан тіреген өкілетті билік өкілдерін аудан әкімі А.Оңғарбаев қарсы алып, Қамбаш көлінің қазіргі жағдайымен таныстырды.

Көптеген демалушылар келіп тоқтайтын Аққұмшық жағажайында мәселеге қаныққан депутаттар, кәсіпкерлермен тілдесіп, жағалаудағы бірқатар түйткілге көңіл аударды. Қамыстыбас демалыс аймағында 26 кәсіпкердің 104 демалыс үйлері жазғы маусымда туристерге қызмет көрсетеді. Жергілікті кәсіпкерлер Қамбаш көлінің жылдағыдан алыстап кеткендігін айтып, көлге келушілерге жол мәселесі де айтарлықтай кедергі келтіретінін жеткізді. Халық қалаулылары жергілікті кәсіпкерлер тарапынан көтерілген мәселелерді назарға алып, биік мінберден ұсыныс айтылатынын жеткізді.

Парламент Мәжілісінің депутаттары Аралда болды

Бүгінде ауданда тоған шаруашылығы да қарқынды қолға алынып келеді. Қазірдің өзінде ауданда жалпы саны 10-ның үстінде тоғандар бар. Бұл соңғы үш жылдың нәтижесі. Онда өсіріліп жатқан балық өнімдері уақыт өте теңізге жіберіліп, сол арқылы балық шаруашылығы саласын жандандыру жұмыстары қолға алынуда. Сондай шаруашылықтардың бірі Аманөтел ауылындағы «АРАЛ РЫБТОРГ» ЖШС-нің жобасы. Жоба ағымдағы жылдың маусым айында іске қосылып, тоғанға 7 млн 700 дана тұқы балықтары жіберілді. Сонымен бірге, алдағы уақытта тоғанның ауданын 25 га дейін ұлғайтып, жылына 15-20 млн. шабаққа арналған инкубациялық цехты орнату жұмыстары басталатын болады. Депутаттар осы шаруашылықтың тоған алқабында болып, жетілген балық шабақтарын көлге жіберу сәтіне куә болды. Сонымен қатар Арал ауданының ауыл шаруашылығы саласының 2022-2024 жылдарға арналған даму жоспарының жол картасымен танысты.

Сосын ауыл сыртындағы «Ескі арна» каналына барды. 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында Сырдария өзені арнасымен мол су және сең өту барысында Аспай су ағытқысы жанындағы Ескі арнаның сағасы өздігінен жырылып кеткен болатын. Бүгінде соны қайта бөгеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Депутаттар осы жұмыстарға қанығып, келешек аудан аумағындағы жайылымдық жерлерді суландыру және көлдерді толтыру жұмыстарына оң әсер ететін бастамаларға сәттілік тілеп, Аралда нәтижелі жұмыстардың барына тоқталды.

Арал ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<