Партия алаңында газ мәселесі қаралды

505

0

Кеше «AMANAT» партиясы облыстық филиалының «Talqylau» алаңында өңірдегі газ мәселесіне оның ішінде тарифтер мен сапа жайы қайта талқыланды.
Аталған жиынға ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Кесебаева Балайым Туғанбайқызы, ҚР Энергетика министрі Ақшолақов Болат Оралұлы, «QazaqGaz» Ұлттық компаниясының төрағасы Санжар Жаркешов, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев ZOOM бағдарламасы арқылы сондай -ақ, жергілікті мемлекеттік органдар өкілдері, қоғам қайраткерлері мен белсенділері, партия филиалы жанындағы «Өңірлік даму»жөніндегі қоғамдық кеңес пен партиялық бақылау комиссиясының өкілдері қатысты.
Министрлік алдына қойылған күн тәртібіндегі мәселе тамыз айының 20-шы жұлдызына дейін, министрлік, жергілікті әкімдік, жауапты сала мамандары және қоғам белсенділерімен құрылған комиссия арқылы нақыталынып, бір жақты шешімі шығарылатын болып келісілді.