Партия белсенділері марапатталды

791

0

Кеше «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова республикалық референдум қорытындысы бойынша облыстық штаб құрамында белсенділік танытып, референдумның сәтті өтуіне атсалысқан  партия белсенділері мен жақтастарына  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы  Тоқаевтың, партия Төрағасы Ерлан Қошановтың, партияның Атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың Алғыс хаттарын табыстады.

Партия белсенділері марапатталды

-Науқан кезінде жалпыхалықтық референдумның маңыздылығын түсіндіру мен насихаттау мақсатында  өңірде партия филиалдары жанынан 9 штаб құрылып, 100 мыңнан астам азаматты қамтыған онлайн және офлайн форматтардағы 700-ден астам  іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл жұмыстарға мәслихат хатшылары, мәслихаттардағы партия фракциясының барлық мүшелері, партия және қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері мен партияның жастар қанаты, партия жақтастары атсалысты. Бүгін міне ел болашағы үшін жауапты кезеңде партиямен бірге халқымыздың бірлігі мен мемлекетіміздің мүддесі үшін атқарған еңбектеріңіз басшылық тарапынан жоғары бағаланып отыр. Барша марапат иелерін  шын жүрегіммен құттықтап, ризашылығымды білдіремін,- деді Ләйлә Төрешова.

Айта кету керек, бұл маңызды іске ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, партия жанындағы республикалық штаб мүшелері де үлес қосты. Олар 150-ден астам іс-шараға қатысып, шалғай елді-мекендерге дейін барды. Кездесулер барысында жергілікті тұрғындардан саяси реформалар бойынша және жергілікті жердегі өзекті мәселелер жөнінде 1000-ның үстінде ұсыныстар түсті. Мұнан бөлек дауыс беру күні партия тарапынан өңірдегі барлық дауыс беру орындарында 1063 арнайы өкілдеріміз қатысып, халық таңдауының заң талаптарына сәйкес өткізілуіне қоғамдық байқау жасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<