Партия белсенділері сенбілікке шықты

620

0

Фото: ҚХП

«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.

Бүгін “ҚХП” Қызылорда облыстық филиалының белсенділері Мемлекет басшысының аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөніндегі бастамасына қолдау көрсетіп, “Таза Қазақстан” республикалық акциясына қатысты. Қала орталығындағы Б.Шөкенов атындағы саябаққа сенбілікке шықты.

Қала көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.

Соның ішінде, партия мүшелері де саябақты қоқыс қалдықтарынан тазартып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<