Партия филиалының төрағасы азаматтарды қабылдады

185

0

Фото: Аманат партиясы

Бүгін партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Тұрғындар тарапынан алаяқтық мәселесі, еңбек дауы мен тұрақты жұмысқа орналасу бойынша ұсыныстар мен өтініштерін білдірді.

Интернет алаяқтық мәселесі бойынша қолданыстағы заң нормалары түсіндірілді. Партия филиалы тарапынан заңгерлік көмек көрсетіліп, толық сүйемелдеу жүргізілетіні айтылды.

Еңбек қатынастары бойынша құзырлы мекемелермен бірлесіп шешілуіне ықпал жасалатыны, жұмыс беруші тараппен байланыс орнатып, мәселені оң шешу мүмкіндіктері қарастырылатыны айтылды.

Сондай-ақ еңбек нарығындағы бос жұмыс орындары анықталып, тұрақты жұмысқа орналастыру бойынша тиісті шаралар жасалатын болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<